Балаларды өрттен құтқарған павлодарлық полицейдің ерлігі үлгі тұтуға лайық - жасотандықтар пікірі

ПАВЛОДАР. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Нұр Отан» партиясының павлодарлық филиалының жас белсенділері Елбасы Н.Назарбаевқа хат жазды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жасотандықтар өз хаттарында, жасаған ерлігі үшін Чернорецк селосының учаскелік инспекторын «Халық Қаһарманы» жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау туралы өтініш білдіріп отыр. Капитан Бауыржан Үмбетов жанып жатқан үйге кіріп, екі баланы құтқарғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Жасотандықтар ержүрек полиция қызметкеріне гүл шоқтарын және сыйлықтар табыс етті. Олар, «Бауыржан Үмбетовтың ерлігі үлгі тұтуға лайық», деп санайды.
Соңғы жаңалықтар