Балалардың денсаулығын шынықтыратын мектеп
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар педагогтары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты шынықтыратын мектеп» деп аталатын жобасының аймақтық қорытындысын шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде және оларды зиянды әдеттерден жирендіруде мұғалімдер, дәрігерлер мен ата-аналар бірлесіп әрекет еткен мектептер жетістіктерге жетіп отыр. №41 мектепте дене шынықтыруға қосымша бір сағат қосылғанына, балаларды бірінші сыныптап бастап жүзуге үйрете бастағанына 10 жылдың жүзі болды. Сәл ересектеу оқушылар үшін мектеп оқытушылары әзірлеген «Өмірлік дағдылар» сабағы өткізіледі. Ал жоғары сыныптағылар денсаулық экологиясы бойынша арнайы курстан өтеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Тұңғышбай Баймахановтың пікірінше, мектеп медбикелері өздерінің кәсіптік біліктіліктерін жетілдіріп отырулары керек. Олар балалардың әрекеттеріндегі ауытқушыларды бақылап, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетулері керек. Балаларды сауықтыру мәселесіне арналған конференцияда мектеп оқытушылары шәкірттерді тәрбиелеумен қоса, оларды шынықтыру жөніндегі өз тәжірибелерімен және осы бағыттағы алдағы жоспарларымен бөлісті.