Балаларға арналған аула клубтары жазғы бейінді лагерьлерге айналмақ
ПАВЛОДАР. 20 маусым. ҚазАқпарат - Павлодардарғы балаларға арналған аула клубтары каникул күндері жазғы бейінді лагерлерь болмақ, олар балалардың уақытын тиімді өткізуі үшін ойын алаңдары мен барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Павлодардың шағынаудандарында орналасқан орталықтың 7 клубында шығармашылық, спорттық ұжымдар мен секциялар жұмыс істейді. Оқушылар үшін тегін. Клубтың оқытушылары балалар үшін экскурсия, жорық, қызықты әрі танымдық байқаулар мен жарыстар өткізеді.