Балаларға есімдер ұсынатын арнайы агенттік құрылды
АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Лондондық Today Translations атты аударма бюросы сәбилі болуға дайындалып жатқан жұптарға қызметтің жаңа түрін ұсынып отыр.
Болашақ нәресте ата-аналарының бай қиялдары үшін жауапты болмас үшін, агенттік ерлі-зайыптыларға балаға қоятын есімдерін тексертіп, аудармаларын жасауды ұсынады, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
Агенттік мысал ретінде, американдық актер Том Круз бен оның зайыбы Кети Холмске қыздарына таңдаған «Сури» есімінің алдымен нені білдіретінін міндетті түрде тексерулері керектігін хабарлаған. Сөйтсе, «Сури» сөзі жапон тілінен аударғанда - «қалтаға түсетін ұры», француз тілінде - «ашып кеткен», ал итальянша -«ставрида» деген балықтың атауын білдіреді екен.