Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM - Заң 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

балалар, дети, рисование, детские кружки
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтану, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін Заңға қол қойды. 

Осы Заңның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне бақылау іс-шараларының екі жаңа форматын айқындайтын өзгерістер енгізілді:

• жоспарлы тексерулер;

• бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпей және әкімшілік жауапкершілік шараларын, оның ішінде айыппұл салуды қолданбай объектілерге барып мониторинг жүргізу.

- Қабылданған түзетулер профилактикалық жұмысты күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған, - делінген хабарламада. 

Осыған дейін елде балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артатыны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар