Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Балаларын ұрып-соққан әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Полицияда қылмыстық іс қозғаудың қажеті жоқ деп таныған әкесінің балаларды ұруына қатысты іспен танысқан Павлодар облысы Железинский ауданының прокуроры полицияның бекіткен қаулысын жоққа шығарды.

Балаларын ұрып-соққан  әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды - Павлодар облысы

Ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Қадағалаушы орган былтырғы жылдың қарашасында Железинский ауданының ІІБ-не күйеуінің оған және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына бірнеше мәрте дене жарақаттарын салғандығы туралы өтініш келіп түскенін анықтаған. Алкогольді ішімдікке масайған жолдасы оны тепкінің астына алып, түн ішінде тамақ істеуге, арақ пен шылым тауып әкелуге мәжбүрлеген. Екі ұлының қолына темекінің шоғын басқан, таяқпен ұрып он екі жасар Азанның қолын сындырған.

Балалардың өтінішін сынып жетекшілері, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің медбике-психологтары мен Уәлиханов фельдшер-акушерлік пунктінің фельдшер дәрігерлері толығымен растаған. Сараптама Азанның денсаулығына орташа деңгейдегі зақым келгенін, оның әкесінің қылмыс жасағандығын анықтаған.

Аудан прокуроры Железинский аудандық сотына жіберілген қатал әкеге қатысты ҚР ҚК 104 бабы, 2 тармағы, «в» пункті бойынша қылмыстық іс қозғады. Аудан әкімінің орынбасары мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры тәртіптік жазаға тартылды.