Баланың тұсауын шөп орап кесу – ұрпағым шөптей көп болып өсіп-өнсін дегені

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Kazinform агеніттігі назарларыңызға ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырындағы маңызды салт-дәстүрлерін ұсынады.

шөп орап кесу
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Тұсау кесу

Баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымынан кейін, арада біраз уақыт өткен соң бала қаз тұрып, жүруге бейімделеді. Міне, осы кезде сəбидің ата-анасы «тұсаукесер» салтын өткізеді. Онда баланың аяғын ала жіп, майлы ішек жəне шөп тектес заттар-мен (орап) тұсап, білімді, өнегелі немесе ұзақ сапарларда көп бол ған жəне жүйрік, аяғы жылдам адамдардың біріне:– Жүйрік бол, шауып кет! Қадамың сəтті, бақытың тəтті болсын, бісміллə! – деп тұсауды кестіріп жібереді. Тұсауы кесілген баланы ата-анасы немесе жақын туыстарынан екі адам екі қолтығынан демеп ұстап:

– Қаз-қаз балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мəз болам.

Қаз-қаз болып, тез басып,

Қадамыңды жаз, балам!

Тұсауыңды кестік біз,

Күрмеуіңді шештік біз.

Қадамыңа қазбасқан,

Құтты болсын дестік біз.

Қаз-қазбалам, жүреғой,

Балтырыңды түреғой.

Тай-құлын боп шабағой,

Шауып бəйге алағой!

Жүгір, жылдам, құлыным!

Желбіреп бір тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгерібас, шегінбе!

Ала жіпті алайық,

Ақ əжеңе барайық .

Ержетті деп айтайық,

Шашуын жеп қайтайық, – деп жетелеп ары-бері жүргізіп мəре-сəре болады.

Тұсау кесудің де өзіндік үлгі-өнегесі жəне ғылыми мəні бар. Тұсауы кесілген сəбиді сол күннен бастап үлкен-кіші бірінен соң бірі жетелеп, ұдайы машықтандырып отыратындықтан, бала тез аяқтанады. Ал ала жіп орап кесу – балам адал болсын, арлы болсын дегені. Қазақ салтында ала жіпті аттамайды.

бала
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Шөп орап кесу – ұрпағым шөптей көп болып өсіп-өнсін дегені. Ал майлы ішек орап кесу – балам бай-бақытты болсын, қадамы жайлы, қазаны майлы болсын деген игіті ле гін бейнелейді.

Байғазы

Байғазы – балалардың жаңа киген киім-кешегі мен жаңа жасатқан ер-тұрманын көргенде, тай-құнанға мінгенде үлкен кісілер беретін сыйлық немесе үйлеріне туыс-туған, көрші-қолаң балалары жаңа киім киіп, жаңа ер-тұрманын көрсетсе: – Мə, байғазың! Жасың ұзақ, киімің тозғақ болсын! – деген игі тілектерін білдіріп, қыз бала болса, киімдерінің алдыңғы өңіріне маржан, моншақ, тана, сөлкебай, үкі тақса; ал, ұл балаларға қамшы, жүген-ноқта беріп, қой-қозы сыйлайды. Міне, бұл «байғазы» деп аталады.

«Байғазы алу» балаларды үлкендерден тұңғыш сыйлық алып, қуанышқа бөлейді. «Байғазы» балаларды көпшілдікке, қуанышын өзгелермен ортақ тасатын ақ көңіл, ашық-жарқын болуға; жомарттыққа, мəрттікке же телейді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасын жақсартып, достыққа, береке-бірлікке тəрбиелеп, туыстық сүйіспеншілігін арттырады.

Материал Айып Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін» атты кінабына негізделіп дайындалды.

Соңғы жаңалықтар