Баланың өлімі үшін күдікті те, сол қылмыстың алдын алмаған полиция қызметкері де жазаға тартылуы тиіс - Павлодар облысының прокуроры

ПАВЛОДАР. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда жас баланың өлімі туралы істің мән-жайын тексеру аяқталды,
None
None
деп хабарлады облыс прокуроры Нұрмахан Исаев. Желтоқсан айында облыстық балалар ауруханасына Железин ауданынан жас бала түседі, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, ол реанимация бөлімінде шетінейді. Жүргізілген тексеру барысында, оның өгей әкесі мас жағдайда баланы басынан, кеудесінен ұрғаны анықталды. Және де әлгі азаматтың балаға бұған дейін де қол жұмсағаны анықталады. Өткен жылдың жазында өгей әкесі тағы да мас кезінде нәрестені үстелдің үстіне лақтырып, бала ес-түссіз жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген екен. Железин аудандық ішкі істер бөлімінің лауазымды қызметкері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғаудан бірнеше рет бас тартқан, сарапшылардың қорытындысы бойынша, екі жағдайда да баланың денсаулығына ауыр зақым келіп, екінші оқиғаның салдары өліммен аяқталып отыр. Железин ауданының прокуратурасы жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғалып, өгей әкеге асқан қатыгездікпен қасақана адам өлтірді деген айып тағылды. Облыс прокуроры Железин аудандық ішкі істер органының лауазымды тұлғаларының өз қызметтеріне салғырт қарау фактісі де жазасыз қалмауы керек екенін атап көрсетті. Аудан прокуроры полиция қызметкерлеріне де қатысты қылмыстық іс қозғады.
Соңғы жаңалықтар