13:33, 17 Ақпан 2010 | GMT +5
Баласы қылмыс жасағаны үшін Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Баласы қылмыс жасаған Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қаңтардың 30-ы күні Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына дене жарақаты бар Ресейдің 53 жасар азаматы келіп түскен. «Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру барысында Ресей азаматына ұрыс-керіс кезінде Талғат Әубәкіровтің атыс қаруынан оқ атқандығы анықталды. Ол қылмыстық әрекетінен соң оқиға орнынан қашып кеткен. Ал оның әкесі Мұрат Әубәкіров Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымынан босатылып, қазіргі таңда қылмыс жасаған азамат іздестірілуде», деді департамент бастығы.