Балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесі бекітілді

  АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесі бекітілді.

балық
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

14 қаңтардан күшіне енген құжатқа сәйкес, балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесіне мыналар кіреді:

- Уылдырық

- Балық ресурстары және басқа да су жануарларының қаны

- Балықтың шоғалы (гонадалары)

- Су жануарларының цисталары (жұмыртқалары)

- Қабыршық

- Балықтардың және басқа су жануарларының ішкі органдары

- Май (балық және басқа су жануарлары)

- Балық ресурстары және басқа да су жануарларының сүйектері

- Балық ресурстары және басқа да су жануарларының терісі

- Балық ресурстары және басқа да су жануарларының шеміршектері

- Балық ресурстары және басқа да су жануарларының желбезектері

Осыған дейін елімізде балық шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске қосылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар