10:46, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Балқаш көлінде мұзда қалып қойған 3 балықшы құтқарылды -ТЖМ
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Балқаш көлінде мұзда қалып қойған 3 балықшы құтқарылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Кеше Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің «Ақ тас» аумағында мұзда 3 балықшы қалып қойған.
Балқаш қаласы ТЖБ (4 адам мен 1 техника) және ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД суда құтқару қызметі бірлесіп (3 адам мен 1 техника) балықшыларды құтқарып, жағаға жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.