Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Балқаш жағалауына көлігімен кіріп, демалушыларды шошытқан жүргізуші 10 тәулікке қамалды

АСТАНА. KAZINFORM – Балқаш көлі жағалауындағы демалыс аумағына кіріп кетіп, жағажайда жатқан адамдардың тыныштығын бұзып, олардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш жағажайына көлігімен кірген жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: видеодан алынған скрин

-Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің жағалауында, адамдар, соның ішінде кішкентай балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігімен жүріп, адамдардың өміріне қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген,-делінген хабарламада.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді. 

Осыған дейін Семейде «Заря» жағажайын бүлдірген вандалдар жауапқа тартылатыны туралы жаздық.