Балқаш-Жамбыл облысы шекарасы аралығындағы жол ашылды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағындағы барлық бағыттардағы республикалық жолдар ашық.
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, боранға байланысты «Екатеринбург-Алматы» жолының 1854-2005 шақырымындағы «Балқаш-Жамбыл обл.шекарасы» аралығында көлік қозғалысы шектелген болатын. Бүгін сағат 17.00 бастап бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.