09:26, 09 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Балқашта 5 қабатты үйде болған өрт орнынан зейнеткердің мәйіті табылды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Балқаш қаласында 5 қабатты үйдің пәтерінде болған өрт орнынан 73 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бүгін түнде Балқаш қаласында 3 шағынаудандағы Сәбитова көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдегі пәтерде өрт болды. Жалын тілі 15 шаршы метрді шарпыды. Өрт орнынан 73 жастағы зейнеткердің мүрдесі табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.