Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Балқашта 86 жастағы зейнеткердің мерекелік медальдарын ұрлаған екі ер адам ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Балқашта 86 жастағы зейнеткердің наградаларын ұрлаған 19 және 32 жастағы екі жұмыссыз жігіт ұсталды,

Балқашта 86 жастағы зейнеткердің мерекелік медальдарын ұрлаған екі ер адам ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысының ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасының БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс бөліміне сілтеме жасап. «Кейуанада қонақта болған олар «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медальдарын ұрлап кеткен. Олардан заттай айғақтар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы «Өзгенің мүлкін ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығарылды.