Балқашта Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған кеңес өтуде

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматы облысының Балқаш ауданына жасаған сапарының қорытындысы бойынша «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған жиын өткізуде.
None
None

Бұл жиынға облыс әкімі Серік Үмбетов, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, мал шаруашылығымен айналысушы фермерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтарының басшылары қатысуда.

Ө.Шөкеев бүгінгі сапарының барысында Миялы селолық округіндегі «Agrofood» серіктестігінің қасапхана цехының жұмысымен танысты. 2010 жылы салынған бұл нысанның құрылысына 22,2 миллион теңге инвестиция салынған, цехтың мал сою қуаты тәулігіне 20 ірі қараны, 40 ұсақ малды құрайды.

Осы жерде Ө.Шөкеевке сондай-ақ «Динара» өндірістік кооперативінің күріш өңдеу зауыты таныстырылды. Зауытқа салынған инвестиция - 1,8 миллион теңге. Зауыт жылына 1800 тоннадай күріш өңдей алады.

Соңғы жаңалықтар