Балқашта Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Кәсіпкерлер қауымдастығынан ақшалай көмек алды
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Балқаш қаласында Кәсіпкерлер қауымдастығы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Соғыс ардагерлері - 30 мың теңгеден, ал тыл еңбеккерлері - 15 мың теңгеден алды. Ардагерлер көрсеткен көмектері үшін кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді.
«Бұл жас азаматтар бізге біраз жылдан бері қамқорлық жасап келеді. Өз есептерінен мемориалды жаңартып, жөндеді. Бұл жолы да бізді естерінен шығармай, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында қуантып отыр»,- деді 92 жастағы ардагер Николай Иванович Липовка.
Еңбекпен қамту бөлімінің дерегі бойынша, Балқашта қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының 1 058 ардагері тұрады, оның 47-сі - шайқасқа қатысушылар, 11-і соғыс мүгедектері.