Балқаштағы байкерлердің халықаралық фестивалі кезінде көз жұмған жігіттің қазасы кездейсоқ жағдай - Д. Петрухин
АЛМАТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Балқаш көлінің жағасындағы "Тұлпар" демалыс үйінде өткен байкерлердің 5-ші фестивалі кезінде, яғни 15 шілде күні демалушылардың бірі мезгілсіз көз жұмды.
"Бұл қайғылы оқиға кездейсоқ жәйт. Онда қайтыс болған жігіт байкер емес. Ол мұнда фестиваль басталмастан 3 күн бұрын 2 серігімен жеңіл көлікпен келген көрінеді. Мамандардың айтуынша, диабетбен сырқаттанатын ол мұнда жолдастарымен бірге ішімдік ішкен", - дейді дәстүрлі халықаралық байкерлер фестивалінің ұйымдастырушысы Дмитрий Петрухин. Оның сөзіне қарағанда, бұл қайғылы жағдай фестиваль басталмай жатып орын алған. Сол себепті қайтыс болған азаматтың серіктері демалыстарын орта жолда жолда үзіп, үйлеріне ерте қайтып кетуге мәжбүр болды.