Балқаштық әйел екі азаматтығы болғаны үшін істі болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғынына екі азаматтығы болғаны үшін 92600 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
None
None

«Азаматша Хасанова ҚР-дың «Азаматтық туралы» Заңын бұзғаны үшін айыпты деп танылды. Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының үкімімен оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 92 600 теңгені құрады. Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істері бойынша апелляциялық сот алқасы үкімді күшінде қалдырды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар