Балтабай Адамбаев 20 ғасырдағы әдебиет пен ғылымды әдемі ұштастырған, қаламы жүйрік санаулы қаламгердің бірі - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біздің мақсатымыз - әдебиеттің насихатын күшейту. Арамыздан кеткен тұлғаларды еске алу. Сол арқылы дәстүр жалғастығын, әдебиеттер жалғастығын бүгінгі ұрпақтың санасына қондыру. Балтабай Адамбеков шешендік сөздердің халықтық мұра ретінде қалыптасуына орасан еңбек еткен үлкен сөз зергері. Бүгінгі шара халық үшін, бүгінгі ұрпақ үшін, әдебиеттану ғылымының қанатты жылдарын ұзарту үшін керек", дейді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Нұрлан Оразалин. Шешендік өнерді зерттеу обьектісіне айналдырған Балтабай Әбдірахманұлы 1919 жылы қыркүйектің 24-інде Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Қызыл Күншығыс ауылында дүниеге келген болатын. Еңбек жолын 1938 жылы аудандық "Социалистік шаруа" газетінде әдеби қызметкер боп бастады. 1939 жылы Тұтынушылар одағының, 1940 жылы облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы боп қызмет етті. Сондай-ақ Тәшкенттегі Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын бітірген лейтенант 1941 жылы Калинин майданында 4-ші гвартиялық ротаны басқарды. Соғыс аяқталған соң 1951 жыл Қазақ мемлекетік университетін бітіріп, 1951-57 жылдары Жамбылдағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық етті. ал 1957-86 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1962 жылы М. Әуезовтің жетекшілігімен "Дәстүрлі шешендік өнер және Сырым шешен" деген кандидаттық диссертациясын, ал 1984 жылы "Қазақтың халықтық шешендік өнері" деген докторлық диссертациясын қорғады. Оның әр жылдары жарық көрген "Қазақ ертегілері", "Шешендік сөздер", "Халық даналығы", "Ел аузынан" деген зерттеу жинақтары мен "Сырларым", "Ақбөбек", "Аманат", "Тұлпардың ізімен" деген аталатын жыр жинақтары және "Мәди", "Жауынгер жолы" деген прозалық кітаптары оқырман мен сыншылардың жоғары бағасын алды.