Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Балтық теңізінің жағалауына келген сирек кездесетін өркешті кит көптің назарын аударды

АСТАНА. KAZINFORM — Балтық теңізінің жағалауындағы Висмар шығанағында құрылысшылар ұзындығы шамамен 8 метр болатын китті байқап қалған. Жануарды бақылау үшін су полициясы жіберілді. Бұл туралы DW жазды.

Балтық теңізінің жағалауына келген сирек кездесетін өркешті кит көптің назарын аударды
Фото: Pexels

Мамандардың болжамынша, бұл — өркешті кит (горбатый кит) болуы мүмкін. Алайда әзірге бұл туралы нақты айтуға ерте. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жақында Шлезвиг-Гольштейн жағалауында көрінген сол бір кит болуы ықтимал.

Шілде айының ортасында өркешті кит Киль фьордының маңынан байқалған, ал бір аптадан кейін ол Фленсбург фьордының аумағында көрінген.

Жергілікті Қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, жалпы алғанда жануардың жағдайы жақсы көрінеді: ол үнемі су бетіне шығып, қайтадан суға сүңгіп жүр.

Сонымен қатар су полициясының айтуынша, киттің терісінің жағдайы нашарлаған. Мұның бір себебі Балтық теңізіндегі жағдай болуы мүмкін, себебі оның суы өркешті киттердің тіршілігіне қажетті деңгейде тұзды емес.

Қалай болғанда да, бұл аймақ киттердің мекендейтін әдеттегі ортасы емес. Сарапшылар бұл жағдай адамдардың оны табиғи мекеніне қайтаруға тырысқанына қарамастан бірнеше рет жағалауға шығып қалған Тимми атты киттің оқиғасына ұқсап кетуі мүмкін екенін болжаған.

Айта кетейік, бұған дейін Данияда «Тимми» атты киттің денесі жағаға шығарылғанын жаздық.