Балуан Сания Сұлтанғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM - Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали күміс медальға ие болды.

күрес
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық балуан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бақдәулет Ағабек еркін күрестен жасөпірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды.

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлде алды.

 

Соңғы жаңалықтар