08:44, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Балықшыларды ұялы байланыс құтқарып қалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қапшағай су қоймасында балықшылар опат бола жаздады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, төтенше оқиға су қоймасының солтүстік жағалауында орын алған. Балық аулау кезінде 9 балықшы жағалаудан ажыраған мұздың үстінде қалып қояды. Ұялы байланыстың арқасында олар өздерінің жағдайлары туралы Алматыдағы туыстарына хабарлаған. Ал олар өз кезектерінде «051» құтқару қызметіне қоңырау шалып, олардың жағдайлары жайындағы ақпарларды Қапшағайдағы төтенше жағдайлар бөліміне жолдаған. Құтқарушылар балықшыларды аман-есен құтқарып алды.