Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Мьянма мен Таиландта күшті жер сілкінісі болып, Бангкокта көпқабатты үй қирады, деп хабарлайды Еuronews.com.

Таиланд астанасында 7,7 балдық күшті жер сілкінісінен кейін ғимараттар сілкініп, адамдарды эвакуациялау жарияланды.
АҚШ-тың геологиялық қызметі мен неміс геоғылыми орталығы GFZ хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Мьянмада, Таиландтың Ратчабури провинциясына жақын жерде, 10 шақырым тереңдікте болған.
Бангкок ауданында 17 млн-нан астам адам бар олардың көпшілігі көпқабатты үйлерде тұрады. Салынып жатқан көпқабатты ғимараттардың бірі опырылып құлаған.
Дабыл сағат 13:30-да қағылды. Зәресі ұшқан тұрғындар мегаполистің халық тығыз орналасқан орталығындағы көпқабатты кондоминиумдар мен қонақүйлердің баспалдақтарымен эвакуацияланды.
Жер сілкінісінен кейін бірнеше минут бойы адамдар күн сәулесінен көлеңке іздеп көшелерде қалды.
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйлердің төбесінде орналасқан бассейндерден су көшелерге атқылаған.
Еске сала кетсек, Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Бұған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.
Есептелген қарқындылық (балмен) болды:
Меркі ауылы — 5.0 балл
Құлан ауылы — 4.0 балл
Шу қаласы — 2.0 балл
Төле би ауылы — 2.0 балл
Сарыкемер ауылы — 2.0 балл
Тараз қаласы — 2.0 балл
Қордай ауылы — 2.0 балл
Аса ауылы — 2.0 балл
Мойынқұм ауылы — 2.0 балл
Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды.