Бангладеште әскери ұшақ колледждің асханасына құлап, елде аза тұту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Бангладеште Әуе-әскери күштерінің оқу-жаттығу ұшағы білім беру мекемесіне құлап, 19 адам қаза тапты, 150-ден астам адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Jagonews24 сайтына сілтеме жасап.

Өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, Бангладеш ӘӘК-нің F-7 BGI оқу ұшағы ел астанасы Дакка қаласындағы мектеп асханасының төбесіне құлап, ірі өртке себеп болған. Әуе кемесі жоспарлы оқу тапсырмасын орындап жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, өрт басталғанда ғимараттан оқушылар, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері жанталаса қашып шыққан. Әскерилер мен жергілікті тұрғындар зардап шеккендерді эвакуациялап, олардың көпшілігінің ауыр күйік алғанын хабарлады.
22 шілде күні елде апат құрбандарын еске алу күні ретінде ұлттық аза тұту жарияланды.
Бұған дейін біз Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.
Винищувач упав на школу в Бангладеш. pic.twitter.com/v7pM8Ewvmq
— Максим (@lipcansmaks1) July 21, 2025