10:06, 24 Қазан 2015 | GMT +5
Бангладеште мешітте бомба жарылып, 100-ден астам адам жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеште мешітте жарылыс болып, 100-ден астам адам зардап шекті, 12 жастаға ер бала қаза тапты. Бұл туралы полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап, Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлады.

Агенттік деректеріне сүйенсек, белгісіз біреу мыңдаған халық Ашура күнін мерекелеуге жиналған мешітке қолдан жасалған бомба лақтырған. Әзірге ешбір террорлық топ жарылыс жауапкершілігін мойынына алмады.