Бангладеште жолаушылар автобусы өзенге құлап, 18 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Қайғылы оқиға паромға міну кезінде болды. Жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус понтоннан суға құлады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Бангладеште жолаушылар автобусы өзенге құлап, 18 адам көз жұмды
Фото: The Daily Star

Бангладеш орталығындағы Падма өзеніне жолаушылар автобусы құлап, салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС The Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, жолаушылар мінген автобус қалқымалы көпірде паромға мінуді күтіп тұрған кезде өзенге құлап кеткен. Онда шамамен 40 адам болған. Он бір жолаушы жағаға өз бетінше жеткен. 

Құтқарушылар автобусты өзен түбінен апаттан алты сағаттан кейін көтерді. 18 адамның денесі анықталды. Бірнеше жолаушы із-түзсіз жоғалды. 

Осыған дейін Астана – Алматы тас жолында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелгенін жаздық. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Ал Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды