Банк саласындағы алаяқтық іс-әрекеттердің қомақты бөлігі жалған құжаттарды қолданумен және несие алу мақсатында жасалады ? Қаржы полициясы

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Банк саласында да алаяқтықтың көптеген деректері анықталды. Оның ішінде банк қызметкерлерінің қатысуымен жасалғандары да кездеседі.
Бұл туралы бүгін брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Банк саласындағы алаяқтық іс-әрекеттерінің қомақты бөлігі жалған құжаттарды қолданумен және несие алу мақсатында жасалады. Мәселен Оңтүстік-Қазақстан облысында жалған құжаттар бойынша банкілердің бірінен 19 млн. 900 мың теңге несие алған екі азамат, сондай-ақ жалған құжаттар арқылы 7 млн. теңге несие алған азамат сотқа тапсырылды», - деді М.Жұманбай.Сонымен қатар банк алдындағы міндеттемелерін уақытынан бұрын өтеуге немесе несие алуға ниетті азаматтар да алаяқтардың құрбанына айналып отыр. Қаржы полициясының ресми өкілінің айтуынша, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының 35 тұрғынының сеніміне қиянат жасап, олардың банкілік қарыздарын жабамын деген сылтаумен 10 млн. теңгеден астам қаражатын ұрлаған С. деген азаматша Атырау қаласында қамауда отыр. Ұсталғанға дейін соттың санкциясымен іздеу жарияланған ол жақын арада Маңғыстау облысына жөнелтіледі. Сондай-ақ Алматы қаласында С. есімді азаматша қамауға алынды. Ол ипотекалық несие алып беремін деген жалған уәдемен, бірнеше азаматтың 709 млн. 800 мың теңге қаржысын заңсыз иемденген.
Соңғы жаңалықтар
telegram