Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 0,2 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2010 жылы орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға ұлғайып,

Банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 0,2 пайызға ұлғайды

41,5 триллион теңге болды. Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі былтыр 17,7 триллион теңгеге жетіп, 6 пайызға өсті. Бұл депозиттердің жалпы көлемінің 42,7 пайызы. Ондағы орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі желтоқсанда 0,58 пайыз болды. 2009 жылғы желтоқсанда ол 0,64 пайызды құраған. 2010 жыл Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттерінің көлемі 5 пайыз өсіп, 17,1 триллион теңге болды. Орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 11,8 пайызға ұлғайып, 126,4 миллиард доллар болды. Бұл депозитттердің жалпы көлемінің 44,8 пайызы. Желтоқсанда орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,28 пайыз болды, 2009 жылғы желтоқсанда ол 0,31 пайызды құраған еді.

Еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 24,2 миллиард еуроны құрай отырып, 40,2 пайызға төмендеді. Бұл депозиттердің жалпы көлемінің 11,4 пайызы. Ондағы орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2009 жылғы желтоқсандағы 0,28 пайыздан 2010 жылғы желтоқсанда 0,46 пайызға дейін көтерілді. Ал рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі аз ғана мөлшерде қалып отыр. Ол депозиттердің жалпы көлемінің 1 пайызын құрайды.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі былтыр жалпы алғанда жоғары болып қалды. Ол орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 57,3 пайызын құрайды. Алайда былтыр оның тұрақты төмендеу үрдісі байқалды. Жалпы шетел валютасындағы депозиттердің 56,9 пайызы резидент емес банктерде орналастырылған.