Банкрот болған кəсіпорын қызметкерлерді жұмыстан шығармауы керек - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Банкрот болған кəсіпорын жұмысын тоқтатып, қызметкерлерді жұмыстан шығармауы керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан телеарналарына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мəлім етті.
"Біз осы уақытқа дейін банкротқа ұшыраған кəсіпорындарды қолдап, қателесіп келдік. Банкрот кəсіпорындарды қаржыландыру салдарынан экономиканы нашарлатып, бəсекелестікті төмендеттік. Кəсіпорындар мемекеттік көмек ретінде субсидия алады, бірақ басқарылмайды. Дегенмен, банкротқа ұшырау дегеніміз - кəсіпорынды жауып, қызметкерлерді түгел қуып шығу деген сөз емес. Яғни, банкрот болған кəсіпорын тек салықтан босатылып, жұмыс істей береді. Осындай күйде тұрған кəсіпорынды біреу басқаруға алып, аяғына тұрғыза алады. Банкрот болған кəсіпорынды сатып алған адам жаңа менеджментін ұсынып, кəсіпорынды дамыту туралы жолдарын көрсетуі керек. Міне, осы процестер барысында кəсіпорын жұмысын жалғастыра береді", - деп түсіндірді Елбасы мемлекеттің қолдауымен ашылып, кейін банкротқа ұшыраған кəсіпорындар туралы қойған журналистің сұрағына жауап бере отырып. Бұл ретте Мемлекет басшысы мемлекеттік бағдарламамен ашылғанымен "банкротпыз" деп отырған кəсіпорындардың да жоқ емес екенін жасырмады. "Бірақ мемлекеттік бағдарламамен ашылған, бірақ "банкротпыз" деп отырған кəсіпорындардың да жоқ емес. Дегенмен, мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламаның алғашқы бес жылдығында, яғни, 2010-2014 жылдары 770 кəсіпорынды, биыл 120 кəсіпорынды, сонымен, барлығы 890 кəсіпорынды аштық. Осы кəсіпорындардың 95 пайызы жұмыс істеп тұр. Əрине, əр түрлі себептермен жағдайы төмендеген кəсіпорындар да жоқ емес", - деді Президент.