18:32, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Банктердің сыртқы берешегі алдын-ала деректер бойынша 23,8 миллиард долларды құрайды - Ұлттық банк төрағасының орынбасары
АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Банктердің бұл сыртқы берешегі монитарлық шолудан алынды". Оны Ұлттық банк төрағасы орынбасары Данияр Ақышевтың бүгін Алматыда ғаламторды пайдаланушылармен өткен он-лайн конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Банктердің сыртқы берешегі алдын-ала деректер бойынша 23,8 миллиард долларды құрайды. Бұл сан қазірдің өзінде Альянс банктің қарыздарын қайта құрылымдауынан кейін қысқарды. Онда әзірге Темір банк пен БТА банктің берешектерін қайта құрылымдауы енген жоқ. Ресми статистика шыққан кезде қыркүйектің 1-інде ол айтарлықтай азаяды", дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д.Ақышев. Данияр Талғатұлының айтуынша, қазір банктердің сыртқы берешегі жалпы ішкі өнімнің 23 пайызынан аз. Ол 2007 жылдың ортасында 50 пайыздан жоғары болатын.