Банктердің теңгедегі өтімділігі бойынша ахуалы қандай?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Банктердің теңгедегі өтімділігі бойынша ахуалы қандай екенін ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова хабарлады.

Банктердің теңгедегі өтімділігі бойынша ахуалы қандай?

Теңгедегі өтімділіктің жетіспеуі туралы әңгіме тоқтамаған 2015 жылмен салыстырғанда, бұл жылы банк секторындағы бос өтімділік көлемдерінің ұлғаюында айқын оң өзгерістердің болғанын байқамауға болмайды, деп атап өтті Ә.Молдабекова. Бұның алдында Ұлттық Банк бірнеше іс-әрекет жасады.

Біріншіден, еркін өзгермелі айырбастау бағамына өту жүзеге асырылды. Бағам белгілеу сыртқы, сондай-ақ ішкі нарықтық факторларға негізделетін болды. Мұнай бағасы, Қазақстанның сауда әріптестерінің валюта бағамдары сияқты іргелі факторлар ұлттық валютаның құбылмалылығы үшін негізгі алғышарттарды жасайды. Нарыққа қатысушылар күн сайын сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тетіктерінің ықпалымен шетел валюталары бағамының теңгеге қатысты теңгерімділігін дербес анықтап отырады.

Екіншіден, 2016 жылғы 1 ақпанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 10-нан 14 пайызға дейін көтерілді және бір мезгілде шетел валютасындағы депозиттері бойынша мөлшерлеме 3-тен 2-пайызға дейін төмендетілді. Бұл теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді, долларсыздандыру процесі басталды. Депозиторлардың артықшылықты ұлттық валютаның пайдасына беруі банктерге өтімділік мәселесінде өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік берді.

Үшіншіден, Ұлттық Банк 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені 17% деңгейде белгіледі және банктердің теңгедегі өтімділікке сұраныстарын толық қанағаттандыра отырып, +/- 2 пайыздық тармақпен пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізі бар тұрақты қолжетімділік операцияларын жаңартты. Алайда тұрақты қолжетімділік операциялары жаңартылған сәттен бастап кәсіби қатысушылар тарапынан өтімділікке сұраныс біртіндеп қысқара бастады, - деп хабарлайды Ұлттық Банк. Ә. Молдабекованың деректері бойынша, монетарлық саясаттың негізгі индикаторлары және банктердің операциялары өтімділіктің шектен тыс көп болуының қалыпты өсуін көрсетті.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк өкілі 2016 жылғы 1 сәуірден бастап реттеушінің іс-әрекеттің транспаренттілігін және болжамдылығын арттыруға маңызды қадам жасалғанын хабарлады. Ол ресми интернет-ресурста валюта нарығындағы операциялар бойынша деректерді және Ұлттық Банктің операциялары бойынша ашық позицияның деректерін жариялауға кірісті.

Мәселен, 22 сәуірдегі жағдай бойынша алынған банктік өтімділіктің көлемі 1 553,94 млрд. теңгені құрайды, бұл қаржы нарықтарындағы экономикаға инвестицияланбайтын бос қаражаттың айтарлықтай артық болуын растайды.

Ұлттық Банк осының аясында бастапқы агенттер банктермен бірлесіп мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік қисығын қалыптастыруға және бірмезгілде бағалы қағаздар нарығын дамытуға кірісті. Ә. Молдабекова түсіндіргендей, кірістілік қисығы (тәуекелсіз қисық) ішкі және сыртқы инвесторлар үшін қарыз алу құны мәселесіндегі ақпараттың бастапқы көзі табылады және кәсіби қатысушылардың күтулерін бағалау мәселесінде белгі болады.