Банктерге берілген қаржының кем дегенде 30 пайызы азық-түлік тағамдарын және сусындарды өндіру салаларындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталады - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерге орналастырылған қаржының кем дегенде 30 пайызы азық-түлік тағамдарын және сусындарды өндіру салаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақпанның 16-сы мен 25-і аралығында екінші деңгейлі банктерге шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеу үшін тұрақтандырушы бағдарламаның 121 млрд. теңге мөлшеріндегі үшінші траншы берілді. 12 ірі банк 117 млрд. теңгені алды. 3 млрд. теңгені «Даму» қоры тікелей бөлетін болады. Банктерге орналастырылған қаржының 70 пайызы қолданыстағы кәсіпорындарды қайтадан қаржыландыруға, ал 30 пайызы жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады. Бұл ретте банктерге орналастырылған ақшаның кем дегенде 30 пайызын экономиканың азық-түлік тағамдарын және сусындарды өндіру салаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға жұмсау туралы ұсыным жасалды», - деді Қ. Келімбетов. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда банктер алған қаражаттарды игеру жұмыстарын бастап кетті. Әр айдың 20-на дейін жобаларды қаржыландыру туралы есептер ұсынылады. «Даму» қоры «Даму қолдау» бағдарламасы бойынша 3 млрд. теңгеге жергілікті жеткізушілердің кластерлік бастамаларын қолдау бағдарламасын жүзеге асыратын болады. Алдын-ала деректер бойынша, аталмыш шара барысында қосымша 5 мың жұмыс орны құрылады», - деді Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар