Банктерге салық жеңілдіктері тым көп беріледі - Жоғары аудиторлық палата

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттен берілетін салық жеңілдіктерінің ең көп үлесі қаржы секторына тиесілі. Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы жұмысы туралы ақпаратта осындай дерек берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Салықтық жеңілдіктерді беруде теңгерімсіздік бар. Экономиканың нақты секторын дамытуға басымдық беріліп отырғанына қарамастан, жеңілдіктердің ең көп үлесі қаржы секторына тиесілі», - делінген Палатаның 2022 жылғы жұмыстары туралы ақпаратында.

Палата келтірген мысалға сүйенсек, 2021 жылы салық жеңілдіктерінің 27%-ы қаржы секторына, 20,3%-ы тау-кен өндірісіне, 14,5%-ы өңдеу саласына берілген.

«Бұл ретте Қазақстанда қаржы секторының салық жүктемесінің деңгейі өте төмен. Сонымен қатар 2010-2020 жылдар аралығында банктерге 6,5 трлн теңге сомаға мемлекеттік қолдау көрсетілгенін айта кеткен жөн. 5 жыл ішінде қазақстандық банктердің табысы 3,5 еседен астам өсіп, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1,5 трлн теңгені құрады. Олардың кірістілігі әлемдегі ең жоғары (30,3%), ал шығындардың кірістерге арақатынасы ең төмен (29,9%) болып табылады», - деп жазады палата сарапшылары.

Соңғы жаңалықтар