Банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау нәтижесінде қарыз 17,5 млрд. доллардан 5 млрд. 300 млн. долларға дейін азайды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау нәтижесінде қарыз 17,5 млрд. доллардан 5 млрд. 300 млн. долларға дейін азайды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының алқа мәжілісінде Басқарушы директоры Абай Ескендіров мәлім етті.

Өткен жылы еліміздің 3 ірі коммерциялық банкіне сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жүзеге асқанын тілге тиек еткен оның айтуынша, мұны бірқатар батыстық сарапшылар кредиторлармен ашық сұхбат принциптеріне негізделген үлгі ретінде бағалаған.

«3 банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау нәтижесінде қарыз 3 есеге дейін, яғни 17,5 млрд. доллардан 5 млрд. 300 млн. долларға дейін азайды. Сонымен қатар міндеттемелерді өтеу мерзімі қолданыстағы 1-5 жылдан 7-20 жылға өзгертілді»,-деді ол.

Оның айтуына қарағанда, осының нәтижесінде қор аталған қаржы институттарының ірі акционеріне айналған. Атап айтқанда, БТА-ның 81-ден астам, «Альянс» банктің- 67, Темір банктің 77 пайыз акциясына иелік етіп отыр. «Қайта құрылымдау үдерісі аяқталды. Оның нәтижесінде халықаралық рейтинг агенттіктері 3 банктің де несиелік рейтингін жоғарылатты. Бұл мемлекет саясатының тиімділігін көрсетеді»,-деді А. Ескендіров.

Соңғы жаңалықтар