11:01, 09 Қаңтар 2015 | GMT +5
Барак Обама АҚШ-тағы Франция елшілігіне барып, көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Charlie Hebdo журналы редакциясына жасалған лаңкестік әрекетті айыптап, француз халқының қайғысына ортақ екенін білдіру үшін Вашингтондағы Франция елшілігіне барды, деп хабарлады ВВС.
Обама Парижде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
«Жүздеген жылдар бойы одақтасып, әділдік пен жалпы құндылықтарды қорғауда француз халқымен бір сапта келеміз. Терроризм еркіндікке тосқауыл бола алмайтынын біле отырып, болашаққа бірге ұмтыла береміз, біздің мұратымыз - барша әлем жолын нұрландыратын биік мұраттар. Vive la France!», - деп жазды Барак Обама.
Charlie Hebdo сатриалық журналына жасалған шабуылдан 12 адам қаза тапты.