Барак Обама Азия елдеріне сапармен аттанды

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі. ҚазАқпарат - Барак Обама бейсенбі күні Азия елдеріне       бірапталық сапармен аттанды,   деп хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.

Барак  Обама Азия елдеріне сапармен аттанды

Америка Президенті алдымен     Жапония премьері Юкио  Хатоямамен    келіссөз  өткізбек.    Тараптар    қауіпсіздік  мәселелері мен әскери  ынтымақтастық  мәселелерін,   сондай-ақ  энергетика  және экология салаларындағы  проблемаларды талқылайды  деп күтілуде.

Сапар барысында Обама  сондай-ақ, Сингапур, Қытай  және  Оңтүстік Корея елдеріне  ат басын тірейді.