06:25, 24 Шілде 2015 | GMT +5
Барак Обама Кенияға барған сапарында туыстарымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президентінің шілденің аяғында сауда-экономикалық қарым-қатынасты талқылау мақсатында Кения мен Эфиофияға баруды жоспарлап отырғандығы белгілі болды.
Жұмыс кездесулерінен басқа Америка президенті Кенияда тұратын туыстарымен жүздесуді көздеп отыр, деп хабарлайды planet-today.ru.
Обама АҚШ-та дүниеге келгенімен, әкесі - Кениядан. Бүгінгі таңда оның көптеген жақындары осы елде тіршілік кешіп жатыр.
Айта кетер жайт, АҚШ басшысының Африкаға алдағы сапары -төртінші, бірақ АҚШ президенті ретінде тұңғыш рет барғалы отыр.
Кенияда Обама ел басшылығымен кездесіп, кәсіпкерлер саммитіне қатыспақ. Сондай-ақ 1994 жылы болған Найборидегі АҚШ елшілігіне шабуыл салдарынан қаза тапқандарды еске алады .