03:24, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Барак Обама Кенияның ұлттық биін биледі - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Б.Обама Кенияға ресми іссапары барысында кениялық әріптестерімен бірге би биледі. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Ұлттық биді Барак Обамадан бөлек Кения президенті Ухуру Кениата, сондай-ақ африкалық мемлекеттің басқа да ресми тұлғалары қатар биледі. Ал әнді орындаған жергілікті танымал әнші - Саути Сола.
Бұл бейнероликті бір тәулік ішінде бірнеше ондаған мың адам тамашалап үлгерген, деп жазады 24.kz.