Барак Обаманың туыс апасы АҚШ-тан пана сұрады

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обаманың туысқан апайы - кениялық заңсыз иммигрант Зейтуни Онианго Құрама Штаттардан саяси баспана сұрады.

Барак  Обаманың туыс апасы  АҚШ-тан   пана сұрады

AFP агенттігінің хабарлауынша, осы мақсатта иммигрант Бостон сотына арызданып, отанында тайпааралық зомбылыққа ұшырауы ықтимал екенін алға тартқан, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бұл 2004 жылғы депортация туралы өкімет қаулысына құлақ аспаған 57 жастағы Онианго ханымның саяси баспана алуға деген екінші талпысы. Сот шешімін 30 күннен кейін жариялау жоспарлануда. Ел аумағынан шығару туралы үкім шығарылған жағдайда, президенттің туыс апайы сотқа аппеляция бермек.