Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогы турниріне аттанып кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Астаналық «Барыс» 17-20 тамыз аралығында Ресейдің Уфа қаласында өтетін Башқұртстан Республикасы кубогы турниріне қатысады.

«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогы турниріне аттанып кетті
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Хоккейшілер жаттығу процесін бастап, мұз айдынындағы алғашқы жаттығуын өткізді. 1 тамыздан кейін олардың қатарына тағы бірнеше ойыншы қосылды.

Ойыншылар тізімі

Қақпашылар: Хантер Шепард, Андрей Шутов, Владислав Нурек.

Қорғаушылар: Джейк Масси, Иэн Маккошен, Чейз Приски, Дамир Бритиков («Снежные Барсы»), Бейбарыс Оразов, Логан Дэй, Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Темирлан Айболұлы («Снежные Барсы»), Мәди Диханбек.

Шабуылшылар: Тайс Томпсон, Абзал Әлібек, Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Гарретт Пилон, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Асанәли Саркенов, Кирилл Ляпунов, Аркадий Шестаков, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов, Тимур Миндубаев («Снежные Барсы»), Батырлан Мұратов, Кирилл Савицкий.

Айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылатын жарысқа алаң иесі «Салават Юлаев» (Уфа), «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) және қазақстандық «Барыс» қатысады.

«Барыстың» ойын кестесі:
17 тамыз, 19:00 «Салават Юлаев» – «Барыс».
18 тамыз, 15:00 «Барыс» – «Амур».
20 тамыз, 13:00 «Лада» – «Барыс».

Одан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері сол елдің Санкт-Петербург қаласында жалауын көтеретін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды. Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.