Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Барлық шара тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр - Е.Нысанғалиев, БҚО

АЛ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданында ұйымдастырылып жатқан шаралар тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Нысанғалиев мәлім етті.

Барлық шара тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр - Е.Нысанғалиев, БҚО

Оның айтуынша, ұлы мейрам қарсаңында мәдени-спорттық шаралар көптеп өткізілуде. Аудан құрамасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ая­сын­да өткізілген мемлекеттік қыз­меткерлер арасындағы облыс­тық спартакиадада ау­дан­­дар арасынан топ жарып, 2-орын­ды иеленді.

Жалпы, аудан аталмыш мерекені лайықты табыстармен қарсы алмақ.

«Елбасының, облыс әкімінің берген тапсырмаларына сәйкес биыл біз жыл жарымға жететіндей қылып мал азығын, нақты айтқанда, 120 мың тонна шөп қорын дайындауымыз қажет еді. Ол көрсеткіш қазір орындалды. Егінге тоқталар болсақ, соңғы жылдардағы қуаңшылық диқандарды біраз әбігерге тү­сіргенмен, биылғы түсім жаман емес. Жаздық дәнді және бұршақ тектес дақылдардың нақты егіс көлемі 38,3 мың гектар, майлы дақылдар көлемі 12,0 мың гектар құрады. Аталмыш егіс көлемінің 48 мың гектар жердегі дәнді және майлы дақылдарға тиесілі 57 млн. 200 мың теңге көлемінде демеуқаржы есептеліп, соның 35 млн. 187 мың теңгесі төленді. Барлығы 25 мың тоннадан аса дән қамбаға құйылды. Орташа түсім гектарына 7,1 центнерден құрап отыр. Жанар-жағармайдан қиындық жоқ, қыркүйек айына бөлінген қор шаруашылықтарға таратылып берілді», деді Е.Нысанғалиев.

2011 жылдың осы кезеңін­де қой басы өткен жылмен са­лыстырғанда 105,4 пайызды құрап, 79 мың басқа, жылқы 16 пайызға өсіп, 7,1 мың басқа жетті. Тек ірі қара 9,5 пайызға кеміп, 31,7 мың бас құрап отыр. Мұның себебі - малдың сарып ауруына шалдығуы. Жағдайды түзеу үшін қажетті шаралар алынуда. Халықтың сарыпқа шалдыққан малын тасымалдау үшін аудандық бюджеттен 1 млн. 177 мың теңге бөлініп, 540 бас ірі қара ет комбинатына өткізілді. Жалпы, ауданда осы кезең ішінде тірілей салмақта 2688,2 тонна ет, 8969,1 тонна сүт дайындалды. 126,5 тонна қой жүні тапсырылды.

Мал шаруашылығын асылдандыру - маңыздылығын жоймайтын мәселе. Көпке кө­мегі тиген «Сыбаға» бағдарла­ма­сы бойынша 8 шаруашылық 112 млн. теңге көлемінде несие алып, 672 бас аналық (соның ішінде 71 бас қашар) және 28 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алынды. Ауданның Бұлдырты, Шолақаңқаты ауыл­дық округтерінде жаңадан мал сою алаңдары салынып, іске қосылуда.

Басқа да салаларда табыстар баршылық.