Барлық жеңістеріміз бен медальдарымызды ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнадық - спорттық бағдарлаудан мемлекеттік жаттықтырушы И.Щеглова

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Барлық жеңістеріміз бен медальдарымызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнадық.
None
None

16-жазғы және 7-қысқы Азия ойындары жеңімпаздарының Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен болған кездесуінде спорттық бағдарлаудан мемлекеттік жаттықтырушы Ирина Щеглова осылай айтты.

И.Щеглованың шәкірттері Михаил Сорокин мен Ольга Новикова 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-қысқы Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы болды.

«Спорттық бағдарлау бойынша жарыстар Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш енгізілді. Сондықтан жауапкершілік өте жоғары болды. Ал Ақ Азиаданың алғашқы екі алтын медалін біздің иеленгеніміз біз үшін - үлкен құрмет», - деді ол.

«Спорттық бағдарлаудан біздің жеңістерімізден кейін, құрамамызға медальдар қарша жауа бастады. Ал қалған спортшылар одан сайын жігерленіп, көшбасшылық қарқынды түсірген жоқ. Барлық жеңістеріміз бен барлық медальдарымызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнадық», - деді И.Щеглова.

Бапкер сондай-ақ, спортшыларға әрдайым қолдау білдіріп отырған елорда басшылығы мен спортшыларға жанкүйерлік еткен барша қазақстандықтарға шексіз алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар