Барлық жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа қабылдай бермейді - Ақтөбе жұмыспен қамту орталығының өкілі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2014 жылдан бастап қаланың жұмыспен қамту орталығы 191 мүгедекті орналастырған. Ал осы жылы Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 330 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
None
None

- Жұмыспен қамту жұмысы жоспар бойынша жүріп жатыр, мүгедектерді жұмыспен қамту қажеттілігі туралы хатымызға «Қазхром» сияқты ірі кәсіпорын, «Әнуар» супермаркеті, Ақтөбе хромды қосындылар зауыты, ХҚО, сот актілерін орындау департаменті жауапкершілікпен қарағанына қуаныштымыз.

Алайда барлық жұмыс берушілер өтінішімізді қабылдай бермейді. Олар өздерінің өндірістік кәсіпорын екендіктерін, мүгедектерге арналған орын жоқтығын алға тартады. Алайда әр ұйымда вахтер, диспетчер, курьер сияқты жұмыс орындары бар, сол жерлерге мүмкіндігі шектеулі адамдарды орналастыруға болар еді, - деді қаланың жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Нүрия Әбіләкімова.

Жұмыспен қамту орталығынан мәлімдегендей, міндеттемеден жалтарған кәсіпкерлермен еңбек инспекциясының өкілдері жұмыс істейді. Олар кәсіпорында шындығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға орын бар-жоқтығын тексереді.

Белгілі болғандай, мүгедектердің барлығы жұмысқа қабілетті бола бермейді. Олардың әрқайсысында жеке сауықтыру бағдарламасы бар, онда қандай жағдайда жұмыс істей алатыны не жұмыс істеуге болмайтыны көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар