«Барселона» әлемдегі ең қымбат команда
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Барлық ойыншылардың құны бойынша әлемдегі ең қымбат команда болып каталондық «Барселона» танылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Егер клуб басшылығы барлық құрамды сататын болса 514 миллион еуро пайда түсіретін болады. Әлемдегі ең қымбат ойыншы Лионель Месси ықтимал сатып алушыға 80 миллион еуроға түседі.
Екінші орында Мадридтің «Реалы» - 473,5 миллион еуро, үшінші орында Лондонның «Челсиі» 436,2 миллион еуро нәтижемен.