14:23, 10 Қаңтар 2019 | GMT +5
«Барыс» ҚХЛ-дағы рекордтық жетістігіне жетуге жақын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубы алдағы уақытта Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өз рекордын жаңартуы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазіргі кезде 45 матчтан кейін 65 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде төртінші орында тұр. Негізгі уақытта қазақстандық команда 29 ойынның 23-інде жеңіске жеткен. Оның рекорды, сондай-ақ, 26 рет жеңіске жеткен 2013-2014 жылғы маусым болып отыр. Осы маусымда тұрақты чемпионаттың мәресіне дейін астаналықтарда тағы 17 ойын қалып отыр, сондықтан бұл жетістігінен асып түсуге мүмкіндігі бар.
10-17 қаңтар аралығында «Барыс» командасының«Куньлунь Ред Стар», «Сочи», «Спартак» және «Салават Юлаевпен» матчтары өтеді.