18:22, 14 Қараша 2011 | GMT +5
«Барыс» клубының хоккейшілері «Спортқа бірге» атты шараға қатысады
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - «Барыс» клубының хоккейшілері Астанада «Спортқа бірге» (Вместе в спорт) атты шараға қатысады.
Бүгін 18.00-де Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында өтетін шара барысында түрлі байқаулар мен автограф-шоулар өткізілмек. Конкурстардың жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен марапатталады. Аталмыш акцияның ұйымдастырушыларының бірі «№ 1 MAG» журналы мен «Power Plate» компаниясы болып табылады.
Шараға шабуылшылар - Роман Старченко, Джошуа Грэттон, Евгений Бумагин, Максим Худяков, Вадим Ермолаев, сондай-ақ қорғаушы Алексей Литвиненко мен қақпашы Алексей Иванов қатыспақ.