«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы маусымын аяқтады

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астананың «Барыс» клубы «плей-офф» сериясындағы үш ойында да Қазанның «Ақ барысынан» ұтылып,
None
None
құрлықтық хоккей лигасындағы өзінің бірінші маусымын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Барыс» пен «Ақ барыс» арасында кеше елордада өткен үшінші матчта негізгі кезең және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталғандықтан, қарсыластар жеңімпазды «булиттер сериясында» анықтады. Мұнда 0:1 есебімен жеңіске жеткен «Ақ барыс» жалпы есепте «Барыстан» 3:0 есебімен басым түсіп, Гагарин кубогының ширек финалына шықты. Айта кетейік, наурыздың 2-сі және 3-і күндері Қазанда өткен екі ойында да татарстандық клуб біздің команданы ұтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар