«Барыс» Магнитогордың «Металлургін» ойсырата жеңді
sp;АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы маусымының көшбасшысы магнитогорлық «Металлург» командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді,
деп хабарлады астаналық хоккей клубының баспасөз қызметінен.
Лиганың былтырғы маусымында «Барыс» пен «Металлург» екі рет кездесіп, екі ойын да магнитогорлықтардың жеңісімен аяқталған еді. Биылғы чемпионаттағы алғашқы кездесуде «Барыс» айқын жеңіске қол жеткізіп, есесін қайтарды.
«Алаң иелерін жеңістерімен, лайықты жеңістерімен құттықтаймын. Олар жақсы ойын көрсетті, ал бізге бұл матчты тезірек ұмытып, келесі ойындарға дайындалу керек», деп атап көрсетті ойыннан кейін болған баспасөз мәслихатында «Металлургтің» бас жаттықтырушысы Валерий Белоусов.