Бас мүфти Мысыр министрімен кездесті

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарланды.
Дін жанашырлары мұсылман әлеміндегі діни ахуалды тұрақтандырудың алғышарты - халықты жаппай сауаттандыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар діни басқармалар арасындағы әріптестік байланысты күшейту жолдары сөз болды.
«Алла тағала Құранда жақсы, игі істерде бір-бірімізге көмекші болуға бұйырды. Бізді ұлық мақсаттар ғана біріктіреді. Діни саладағы байланысымыз арта береріне сенемін», - деді Бас мүфти жүздесу барысында.
Министр Талаат Афифи Салим Каир қаласындағы Бейбарыс бабамыздың мешітінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстары жайлы хабардар етті. Сондай-ақ ол Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, Мысыр мұсылмандары Ержан қажы Малғажыұлының әл-Азһар университетінің түлегі болғанын мақтаныш тұтатынын айтты.